Меню

Страницы

Статья

жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеуді ХҚО арқылы да рәсімдеуге болады

Естеріңізде болса жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеуді бұрын тек нотариустар арқылы ғана жасап жататынбыз. Қазір бұл қызметті ХҚО арқылы да рәсімдеуге болады. Сондықтан біз жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу қызметін алудың жолын үйрететін боламыз.


Ең алдымен ХҚО-ға кезекті брондаңыз;
Брон уақытына сәйкес ХҚО тіркеу бөліміне барып талон алыңыз;
Күту залындағы электронды таблодан кезегіңізді бақылаңыз;
Реттеу залына өтіп қажетті операторға құжаттарыңызды ұсыныңыз.
ХҚО-ға келесі құжаттарды ала баруыңыз керек:
Жылжымайтын мүліктің меншік құжаттары;
Жылжымайтын мүліктің техникалық паспорты;
Жер телімі болса, оның сәйкестендіру нөмірі;
Жылжымайтын мүлікке құқылы азаматтардың нотариалды заңдастырылған келісімі;
Некеде болсаңыз, жұбайңыздың нотариалды тіркелген келісімі, некеде болмасаңыз - некеге тұрмағандығы жайлы нотариалдық құжат;
Егер сатушы кәмелет жасына толмаған іске қабілетсіз азамат болса, онда қамқоршы органның жазбаша келісімі;
Келісім-шартты жасау үшін төленген қаражаттың төлем түбіртегі.

Мемлекеттік БАЖ салығы 1073 теңгені құрайды. Қызмет 1 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

Дата публикации
24 сентября 2020
Дата обновления
24 сентября 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы