Оқушылардың ауруларын алдын алу.
Мектеп–адам өміріндегі маңызды кезеңдерінің бірі, оның арқасында бала көптеген жаңаны біледі. Бірақ, өкінішке орай, пайдалы білімдермен қатар мектеп оқушылары қосымша тағы көптеген ауруларды алады: ас қорыту жүйесінің аурулары, көру қабілетінің нашарлауы, сколиоз, невроз, тыныс алу мүшелерінің аурулары. Және бұл тұқым қуалаушылық, экология, өмір салты есебінсіз.
Гастрит
Әдетте,мектеп асханалары ұтымды және құнарлы тамақтанудың мәзірін ұсынады.Бірақ ата-ананың бақылауынсыз қалған оқушылардың көбі бірінші?екінші және үшінші тағамды сатып алудың орнына пайдалы емес (сусындар,тәтті нан)тағамдар алып дұрыс тамақтанбайды.Нәтижесінде,ішек-қарын ауруларына жолықтырады Гастриттің дамуының тәуекел топбын белсенді өсу мен ағзада өтпелі өзгерістер кезеңіндегі балалар құрайды.Гастритпен ауырып қалмау үшін дұрыс, алуан түрлі және уақытында тамақтану?жеткілікті дәрумендер санын алу қажет№ Сонымен қатар?психологиялық жайлылық, шамадан тыс жүктемені алып тастау, жақсы ұйқы (9-10 сағат), таза ауада серуендеу,теледидиар мен компьютер алдындағы уақытты шектеу маңызды.Ауруды уақытында анықтап,емдеу керек. Егер «созылмалы гастрит» диагнозы қойылған болса,гастроэнтерологқа жүйелі түрде баруды ұмытпау керек, көктемгі және күзгі уақытта дәрі-дәрмекпен емдеуді алу керек.
Сколиоз
Оқушылар арасында кең тараған аурулардың бірі дене бітімінің бұзылуы мен сколиоз болып табылады. Оқу сабақтары кезінде оқушының бойы мен дене бітіміне жиһаздар сай келмеген жағдайда дене бітімінде шаршау, әлсіреу, әрі ыңғайсыздану пайда болады. Омыртқаға салмақтың біркелкі түпеуінен дене бітімінің бұзылуы мен сколиоз рефлекторлы тұрғыда пайда болады. Соған қоса, мектеп оқушылары күнде мектепке апаратын оқулықтары бар ауыр иыққаптар да мәселені қосады. Сколиоз асқынған жағдайда ішкі ағзалардың басылуына және жүрек-тамыр, тыныс алу жүйелері жұмысының бұзылуына әкелуі мүмкін, сондықтан оның алдын алып дер кезінде ем қолдану қажет. Дене бітімінің бұзылуын көп жылғы жаттығулармен түзету мүмкін.
Оқушылардың дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, дене бітімінің бұзылуын алдын алу мақсатында таңертеңгі гимнастика, дене шынықтыру, үй жағдайында жаттығулар жасау, әсіресе, мектептерде алуан түрлі пайдалы жаттығулармен шұғылдану әсер етеді.
Осы аурулардың алдын алу үшін:
Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру арқылы оқушының денсаулығын ұзақ сақтай аламыз!
Миопия
Оқу жылдарында еңбекті дұрыс ұйымдастырмау салдарынан оқушылар алыстан нашар көруге- миопияға тап болады. Көру қабілетіне түсетін үлкен жүктеме балаға зиян келтіреді. Әсіресе, нашар жарықтандыру мен оқу кезіндегі дененің дұрыс емес қалпы жағдайды қиындатады. Соңғыуақыттамерзіміжеткентағыбірмәселе – бұлкомпьютерлер мен смартфондар. Қазіргімектепоқушыларыкөпуақыттысоныменбіргеөткізеді, бұл да көруқабілетіннашарлатады.
Оқушылардаалыстаннашаркөрудіңалдыналуоныңдамуынболдырмауғамүмкіндікбереді. Бұлүшінбірнешеқарапайымережелердісақтауқажет:
1) көруқызметібелсендітартылғанжұмысты тек қанажақсыжарықтандырукезіндеорындау;
2) бөлме ішінде бір үлгідегі шамдар қолданылу керек.
3) көзге ұзақ уақыт бойы ауырлық түскен кезде әлсін-әлсінкөзгимнастикасынжасаукерек;
4) қатты көзтікпеу керек, оны да демалдыру қажет;
5) тамақтану жүйелі және үйлестірілген болу керек.
Есіңізде болсын, тек маман ғана диагнозды дер кезінде қойып, қажетті емді тағайындауы мүмкін!
Невроздар
Невроз үшін - мазасыздану, нашарұйқы, көңіл-күйдің күрт құлдырауы тән.
Невроздыңалдыналу – бұл қарапайым ережелерді сақтау арқылы өзіне-өзі бақылау жасау және қайта қалпына келтіру:
Естесақтаңыз!Мектеп жасындағы балаларда неврозды емдегеннен гөрі ескерту оңай. Бірақ, оқушының жағдайы нашарлап жатса, ал невроз белгілері күшейсе, дәрігерге көрінуді қалдырмау керек. Психолог, терапевт, невролог, психотерапевт, массаж жасаушы және басқа сияқты мамандардың қатысуымен кешенді емдеу қажет болуы мүмкін.