Меню

Страницы

Статья

Кызылша дегеніміз не?

Кызылша дегеніміз не?

Қызылша – қоздырғышы вирус болып табылатын жұқпа. Ауру ауа – тамшы жолымен таралады. Клиникасының негізгі белгісі - денеде бөртпелердің пайда болуы.

Қызылшаның вирусы адам ағзасына тынысалу жолдары арқылы еңеді, көбейіп, қанға таралады.  Қан арқылы әртүрлі  ағза мүшелеріне тарап, тамақ безін, бауырды, өкпені, жілік майын зақымдайды.

Қызылша қалай көрінеді?  Жіті респираторлық ауруларына ұқсайтын  белгілерден басталады (дене қызуының көтерілуі, жөтел, мұрынның қабынуы, көздің  жасаурауы). Бұл жағдай 2-3 күнге созылады, содан соң денеде анық қызыл бірігетін  бөртпелер пайда болады, бастапқыда бетте, құлақтың артында, содан соң барлық денеге тарайды. Қызылшамен сырқаттанушы айналасындағылар  үшін денесіне бөртпелер пайда болғанға дейін 4 күн, пайда болғаннан кейін 4 күн ішінде жұқпалы болып саналады .

Қызылшаның қаупі неде? Қызылша асқынуларымен  қауіпті, олар – ортаңғы құлақтың, өкпенің, кеңірдектің, бронхының, ми қабықтарының қабынуы. Қызылша ауырған адамды мидың зақымдануынан өмірлік мүгедектікке, одан басқа соқырлыққа және кереңдікке әкеліп соғуы мүмкін .

Қызылшадан қалай қорғануға болады? Қызылша сырқатынан  ең сенімді қорғау тәсілі – ол вакцинациялау. Екпелер Профилактикалық екпелердің ұлттық күнтізбесіне сәйкес тегін жасалады.

Қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялау баланың 12 айлық жасында және мектеп алдында 6 жасында жасалады.

Қызылша өте қауіпті, бірақ оны болдырмауға болады!

Дата публикации
26 мая 2025
Дата обновления
26 мая 2025
Тип
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет хабарлайды

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы