Меню

Страницы

Статья

Полиомиелит !

Полиомиелит  (атауы " polio" — сұр, "myelon" — ми жұлыны  деген сөздерден) — бұл вирусты жұқпалы, жүйке жүйесін зақымдайтын және толық сал болып қалу қаупі бар ауру.

ОВП синдромы 15 жасқа толмаған баладағы жедел сал ауруыныңкез келген жағдайы, соның ішінде Гийена-Барре синдромы немесе полиомиелитке күдік туған жасына қарамастан кез келген сал ауруы, сондай-ақ паралитикалық полиомиелиттің барлық жағдайлары ретінде анықталады.

Полиомиелиттің негізгі белгілері

Вирус адам ағзасына ауыз арқылы еніп, ішекте көбейеді.

Бастапқы белгілері – жоғары температура, енжарлық, бас ауруы, құсу, аяқ-қолдың мойынның, арқаның ауыруы, қол және аяқ бұлшықеттерінің әлсіздігі. Аурудың алғашқы белгілері пайда болғаннан кейін вирус нәжіспен шығарылуын жалғастырады, оның 1 грамында 1 миллионға дейін жұқпалы доза болады. Сондықтан нәжіспен ластанған су және тамақ арқылы инфекцияның таралуының фекальды-ауызша механизмі бірінші кезектегі маңызға ие. Эпидемия ошақтарында адамдар ауа тамшылары арқылы жұқтыруы мүмкін.

Полиомиелиттің инкубациялық (жасырын) кезеңі ең аз бес күн, ең көбі бір айға дейін және орта есеппен екі апта. Аурудың одан әрі ағымы адамның иммунитетіне байланысты болады.

Полиомиелит инфекцмясының көзі ауру адам немесе мұрын-жұтқыншақ шырышты қабығында вирус бөлетін симптомсыз вирус тасымалдаушысы болуы мүмкін.

Полиомиелит алдын алу

Полиомиелитке қарсы вакцинация (спецификалық профилактика) арқылы алдын алуға болады.

Полиомиелитке қарсы егу ҚР профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесіне енгізілген.

Полиомиелиттің бейспецификалық профилактикасы

  • жеке гигиена ережелерін сақтау, әр тамақ алдында, қоғамдық орындарға барғаннан кейін, көшеден үйге келгеннен кейін қолды сабынмен мұқият жуу;
  • рұқсат етілмеген сауда нүктелерінен өнімді сатып алмаңыз;
  • жемістер мен көкөністерді тамақтанар алдында ағынды сумен жақсылап жуып, қайнаған сумен шайыңыз;
  • ішуге арналған су көздерінен (құдықтар, субұрқақтар, бұлақтар, көлдер,өзендер және т.б.) суды ауыз суға пайдалаңбаңыз, тек қайнатылған немесе қайнатылған немесе бөтелкедегі суды және зауыттық қаптамадағы сусындарды ішіңіз;
  • су процедуралары кезінде және ашық суда жүзу кезінде суды жұтпаңыз.

  

 

Дата публикации
26 мая 2025
Дата обновления
26 мая 2025
Тип
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет хабарлайды

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы