Ақсу қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысы!
2025 жылғы 21 мамырда Ақсу қаласының әкімі Болатбек Шариповтың төрағалығымен төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыста келесі мәселелер қаралды:
Актуалды мәселелердің бірі — шомылу маусымына дайындық болды. Бұл бағытта қала әкімі келесі тапсырмаларды жүктеді:
– Ақсу өңіріндегі жағажайларды уақтылы дайындауды қамтамасыз ету;
– Шомылуға тыйым салынған жерлерге ескерту белгілерін орнату;
– Қоғамдық құтқарушыларды іріктеу және қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету.
Комиссия алдағы жазғы кезеңде су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде кешенді тәсілдің маңыздылығын атап өтті.
Ақсу қаласының ТЖБ