Меню

Страницы

Статья

РКШОЖ-«ӨРТ-2025».

РКШОЖ-«ӨРТ-2025».

Ақсу қаласында “ӨРТ-2025” республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті

Өрттің алдын алу мақсатында Евгеньевка ауылындағы орманды-дала аумағында тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар ұйымдастырылып, өткізілді.

Оқу-жаттығуларға Ақсу қаласының ТЖ бөлімі, жергілікті атқарушы органдар, ерікті өртке қарсы құрылымдар, Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкерлері мен Евгеньевка ауылының шаруа қожалықтары жұмылдырылды.

Оқу-жаттығу жоспары бойынша орманды-дала алқабында бес бірдей ошақта шартты өрт шықты, жалынның орман шаруашылығы аумағына таралу қаупі туындады. Бірнеше минут ішінде барлық қызметтер кезең-кезеңімен өртті сөндіру жұмыстарына кірісті. Ранцтық өрт сөндіргіштер, өрт сөндіру сыпырғыштары, жел үрлегіштер қолданылып, өрттің таралуын болдырмау үшін периметр бойынша жырту жұмыстары жүргізілді.

Барлық қызметтердің үйлесімді іс-әрекетінің арқасында шартты өрт сөндірілді.

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша өзен аңғары мен дала алқаптарында табиғи өрттердің алдын алу мәселелері талқыланды.

Ақсу қаласының ТЖБ

 

Дата публикации
23 мая 2025
Дата обновления
23 мая 2025
Тип
Төтенше жағдай қызметі хабарлайды

Сейчас читают

21 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы