Мектептің ата-аналарымен жиналыс!
Ақсу қаласының ТЖБ қызметкерлері №4 орта мектепте өткен жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысты. Кездесудің басты тақырыбы – жаз мезгіліндегі қауіпсіздік шараларын талқылау болды.
Жиналыс барысында ТЖБ мамандары ата-аналарға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды екенін еске салды. Шомылу тек арнайы белгіленген орындарда, ересектердің бақылауымен ғана жүзеге асырылуы керектігі ерекше атап өтілді. Балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдыруға болмайтынына баса назар аударылды.
Сондай-ақ, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі мәселелері қаралды: өрттің алдын алу жолдары түсіндірілді. Ата-аналарға балалардың отпен, электр құралдарымен және тез тұтанғыш заттармен ойнауының қауіптілігі туралы ескертілді.
Жаз мезгілінде терезелер жиі ашық тұратындықтан, балалардың терезеден құлап кету оқиғаларына жол бермеу үшін терезе бекіткіштерін орнатып, терезе маңында жиһаз қоймау ұсынылды.
Мұндай кездесулер ата-аналардың қауіпсіздік жөніндегі ақпараттылығын арттырып қана қоймай, сонымен қатар өскелең ұрпақ арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Ақсу қаласының ТЖБ