Меню

Страницы

Статья

Өрт сөндіру бөліміне саяхат!

Өрт сөндіру бөліміне саяхат!

Ақсу қаласының ТЖБ қызметкерлері №10 өрт сөндіру бөлімінде №4 орта мектеп оқушыларына Ашық есік күнін ұйымдастырды.

Өскелең ұрпақ арасында өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру мақсатында Ақсұ қаласының төтенше жағдайлар бөлімі №10 өрт сөндіру бөлімінде Ашық есік күнін өткізді.

Оқушыларға өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қызметімен жақынырақ танысуға бірегей мүмкіндік туды. Балаларға олардың қызметінің ерекшеліктері туралы айтып, өрт сөндіру көліктері, құрал-жабдықтар мен қорғаныс құралдары көрсетілді.

Ерекше қызығушылықты балалардың өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін киіп көріп, өрт сөндіру шлангымен өз беттерінше су беру мүмкіндігі тудырды. Бұл әсерлер олардың жадында ұзақ сақталары сөзсіз!

Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі ережелері, шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары және балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу туралы танымдық әңгіме жүргізілді.

Мұндай іс-шаралар тек мамандыққа деген қызығушылықты оятып қоймай, сонымен қатар өскелең ұрпақтың төтенше жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақсу қаласының ТЖБ

Дата публикации
23 мая 2025
Дата обновления
23 мая 2025
Тип
Төтенше жағдай қызметі хабарлайды

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы