Өрт қауіпті кезеңінде өрттер мен жануларға жол бермеу мақсатында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыздар:
-орман, тоғай және дала алқаптарында сөндірілмеген сіріңкені, темекі тұқылын тастамаңыз;
-орман ішінде ағаштардың түбіне, егіс алқаптарына жақын маңына және қалың өсімдік арасында отты жақпаңыз;
-табиғат аясында өздігінен өртенетін (жанармай сіңген маталарды, шыны әйнектер мен ыдыстарды) заттарды тастамаңыз;
құрғақ өсімдіктер мен қоқыс қалдықтарын, қамыстарды өртемеңіз;
-табиғат аясында ашық отты пайдаланып, оны қараусыз қалдырмаңыз;
-ауыл шаруашылығы техникаларын өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестендіріп пайдаланыңыз.
Есіңізде болсын, Сіздің салғырттығыңыз қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін!
Ақсу қаласының ТЖБ