Дрондарды қолдана отырып рейдтер
Ақсу қаласының ТЖБ қызметкерлері өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушыларды анықтау мақсатында дрондарды қолдана отырып рейдтер өткізуде. Өрт қаупі жоғары маусымның басталуына байланысты Ақсу қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері орманды және жайылымдық аумақтарда профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Биылғы жылы заманауи технологияларды қолдануға ерекше назар аударылуда: бұл – қол жетуі қиын жерлерді тиімді бақылауға және заңбұзушылықтарды жедел анықтауға мүмкіндік беретін ұшқышсыз ұшу аппараттары (ҰҰА). Рейдтер өрт шығу қаупі жоғары аймақтарда күн сайын жүргізіледі. Дрондардың көмегімен қызметкерлер ашық от жағу, қоқысты заңсыз өртеу, от жаққан орындарды және өртке алып келуі мүмкін басқа да жағдайларды анықтау үшін аумақты бақылайды. Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда ақпарат жердегі топтарға дереу жеткізіліп, олар оқиға орнына барып, хаттама толтырып, азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Маусым басталғалы дрондарды қолдану арқылы оннан астам заңбұзушылық анықталды. Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындар мен қонақтарға тыйым салынған жерлерде, әсіресе ыстық әрі желді күндері от жағудың жол берілмейтінін ескертеді. Дрондарды қолдану арқылы жүргізілетін профилактикалық жұмыс өрт қауіпті кезеңнің соңына дейін жалғасатын болады. Құтқарушылар азаматтарды жауапкершілікке шақырып, 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласу арқылы байқалған заңбұзушылықтар туралы хабарлауды сұрайды. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау — әр азаматтың жауапкершілігі. Табиғатты қорғап, адам өмірін сақтау тек бірлескен күшпен мүмкін.
Ақсу қаласының ТЖБ