Өрт сөндірі бекетінің қызметкерлеріне лекция
2025 жылдың 18 сәуірінде Ақсу қаласының ТЖБ № 10 өрт бөлімінің оқу сыныбында Евгеньевка ауылдық өрт сөндірі бекетінің мен М. Омаров атындағы ауылдық өрт сөндірі бекетінің қызметкерлеріне лекция өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – өрттер мен жануларды сөндіру дағдыларын арттыру болды.
Кездесу барысында мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өртті сөндірудің негізгі ережелері түсіндірілді. Шара ашық әрі еркін форматта өтті, қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты.
Ақсу қаласының ТЖБ