Сібір жарасы!
Сібір жарасы – ағзаның қатты интоксикациясымен, дене қызуының көтерілуімен, лимфа түйіндерінің зақымдануымен сипатталатын және теріде, сирек ішек, өкпе және септикалық формада пайда болатын жіті жұқпалы ауру.
Сібір жарасы инфекциясының көзі ауру немесе өлген жануарлар болып табылады. Адамның инфекциясы көбінесе контакт арқылы (жануарлардың өлекселерін сою, тері өңдеу және т.б.) және споралармен ластанған тағамдарды жеу, сонымен қатар шикізат (тері, жүн, сүйек) арқылы болады.
Сібір жарасының пайда болу себептері: ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтамай, ауру малдарды үй-үйді аралап (алдын ала ветеринариялық сараптаусыз) сою, өлекселерін кесу, өлген жануарлардың терісін сыпырып, мәйіттерін көму; ауру жануарларды күту кезінде жеке гигиена ережелерін бұзу; ауру малдан алынған еттен тағам дайындау; құрылыс агротехникалық, суару және басқа да жер жұмыстары кезінде ластанған топырақпен жанасу.
Қажетті сақтық шаралары: ет өнімдерін және жартылай фабрикаттарды жеке тұлғалардан және ветеринариялық сараптамасыз сатып алуға жол берілмейді. Тек жақсы термиялық өңдеуден өткен ет өнімдерін жеу. Гемолитикалық қан (ұйымайтын қан) белгілері бар сыртқы түрі күдікті болып көрінетін шикі етті кесуге тыйым салынады. Жануарлар сібір жарасынан өлсе, жануарлардың өлекселерін өртеу және олардан алынған азықтарды жою қажет. Ауру жануарлармен немесе адамдармен байланыста болған адамдар екі апта бойы белсенді медициналық бақылауда болады.
Сібір жарасына күдіктенсеңіз не істеу керек? Ветеринариялық және медициналық мамандарды дереу хабардар ету; Өлген жануарлардың мәйітін өзіңіз құртпаңыз!