Меню

Страницы

Статья

Өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылауға бағытталған профилактикалық рейд!

Өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылауға бағытталған профилактикалық рейд!

2025 жылғы 13 сәуірде өрт қауіпті кезеңде өрттің алдын алу және оны болдырмау мақсатында Ақсу қаласының ТЖБ қызметкерлері ИП «Идрисова» және «Энергетик» бақша серіктестіктерінің аумағында өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылауға бағытталған профилактикалық рейд өткізді. Рейд барысында қызметкерлер бау-бақша иелеріне құрғақ шөп пен қоқысты өртеуге жол берілмейтіні туралы ескертті. Азаматтарға өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері көрсетілген жадынамалар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Атқарылған түсіндіру жұмыстарына қарамастан, рейд барысында құрғақ шөпті өртеген бір азамат анықталды. Оқиға орнында әкімшілік хаттама толтырылды. Өрттердің алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Ақсу қаласының ТЖБ

Дата публикации
18 апреля 2025
Дата обновления
18 апреля 2025
Тип
Төтенше жағдай қызметі хабарлайды

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы