Су айдындарындағы рейд!
Су айдындарындағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда! Кезекті рейдтік іс-шаралар аясында Департамент қызметкерлері Ақсу қаласына барып, Ақсу қаласы ТЖ бөлімінің мамандарымен бірлескен рейд жүргізді. Рейд барысында қолжетімсіз жерлерді бақылау және халықты қауіп туралы ескерту мақсатында ұшқышсыз ұшу аппараты (ҰҰА) қолданылды. Аталған іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады, азаматтармен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, су айдындарында қауіпсіздік ережелері түсіндіріледі. Ауа температурасының күрт көтерілуі мен ауа райының өзгеру кезеңінде қауіпсіздік мақсатында су айдындарына шығудан бас тарту қажет. Павлодар облысы ТЖД көктемгі кезеңде су айдындары маңында болудың қауіпті екенін ескертеді.
Ақсу қаласының ТЖБ