Су қорғау жер үйінділерін, бөгеттерін көзбен шолып тексеру жүргізілді!
2025 жылғы 8 сәуірде Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары, Ақсу қаласы әкімінің орынбасары мен қалалық ТЖ бөлімінің бастығымен бірлесіп, су тасқыны мезгілінің алдағы 2-ші кезеңіне дайындықты бағалау жүргізілді. Ақсу қаласының, Ақсу шағын ауданы, сондай-ақ Дөнентаев және Айнакөл ауылдарында су қорғау жер үйінділерін, бөгеттерін көзбен шолып тексеру жүргізілді. Тексеру су қорғау құрылыстарының жай-күйін және олардың ықтимал су тасқыны қатерлеріне дайындық дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілді.
Ақсу қаласының ТЖБ