Пестицидтермен және улы химикаттармен жұмыс кезінде уланудың алдын алу!
Пестицидтер мен улы химикаттар улы заттар болып табылады және олар дұрыс пайдаланылмаса, адам денсаулығына зиянын тигізуі, тамақ өнімдерінің және қоршаған ортаның ластануы мүмкін.
Уланудың негізгі себебі пестицидтер мен улы химикаттарды дұрыс сақтамау және тасымалдау болып табылады; белсенді заттың шоғырлануын, тұтыну нормаларын, өңдеутәсілін, уақыты мен жиілігін, егін жинау алдындағы күтумерзімдерін және адамдардың қауіпсіздік техникасы бойынша жұмыстарды жүргізу үшін пестицидтермен өңделген алаңдарға шығу мерзімдерін қоса алғанда, оларды қолдану шарттары мен тәртібіне қойылатын міндетті талаптарды сақтамау. Препараттар адам ағзасына асқазан-ішек жолдары арқылы, тері арқылы, тыныс алу органдары арқылы еніп, жүрек, тыныс алу органдары, жүйке жүйесі ауруларын тудыруы мүмкін.
Қамтамасыз ету:
Жоғарыда аталған кезеңдер мен нормаларды қатаң сақтау адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға төнетін қауіптерді барынша азайтады. Егер пестицидтермен улануға күдіктенсеңіз, асқынулардың алдын алу үшін емдеу мекемесіне байланысу керек.