Туляремия
Туляремия – лимфа түйіндерін, тері, кейде көз, тамақ және өкпені зақымдайтын, ауыр интоксикациямен жүретін табиғи ошақты инфекциялық ауру.
Туляремияның қоздырғышы - Francisella бактериясы. Сыртқы ортада біршама тұрақты, бірақ қайнатқанда 1-2 минуттан кейін жойылады. Инфекцияның негізгі көзі – кеміргіштер (ондатр, егеуқұйрықтар, тышқандар, тиіндер, қояндар). Көбінесе аңшылар, фермерлер, қасапшылар өлекселерді өңдеу кезінде ауру жануарлармен байланыста болады.
Инкубациялық кезең 1 күннен 30 күнге дейін (әдетте 3-7 күн). Әдетте ауру жедел басталады, бас ауруы, жүрек айнуы, құсу, дене температурасы тез 39-40 С дейін көтеріледі, қалтырау пайда болады. Бет пен мойынның терісі қызарып, конъюнктива тамырлары қанға толған. Бөртпе пайда болады, ол аурудың 8-12-ші күні қабыршақтайды, содан кейін терінің пигментациясы қалуы мүмкін.
Алдын алу кеміргіштермен күресуге, оларды қоймаларда, қораларда, тұрғын үйлерде жоюға, тұрғын үй, қойма үй-жайларына енуден қорғауға және қоздырғышты тасымалдайтын буынаяқтылармен күресуге бағытталған. Инфекция қаупі жоғары аймақтарға барған кезде сақтық шараларын және жеке гигиенаны сақтаңыз.
Туляремияға қарсы егу туляремияға қолайсыз аумақтарда тұратын халыққа, сондай-ақ қауіп тобындағы адамдарға жүргізіледі. Шамамен үш аптадан кейін вакцинацияланған адам келесі бес жылда ауруға қарсы күшті иммунитетті дамытады.
Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!