Павлодар облысы ТЖД Ақсу қаласының қызметкерлерімен жеке қауіпсіздік және әлеуметтік саламаттылық мәселелеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және хабардарлықты арттыру мақсатында профилактикалық әңгімелесу өткізілді. Іс-шараға Ақсу қаласының полиция бөлімінің қызметкерлері қатысып, қоғамдағы жағымсыз құбылыстардың алдын алу саласындағы кәсіби білімдерімен және тәжірибелерімен бөлісті.
Әңгіме барысында басты назар келесі мәселелерге аударылды:
1.Алкоголизм мен нашақорлықтың алдын алу.
2.Лудомания мәселесі (ойынға тәуелділік).
3.Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар азаматтық қорғау қызметкерлерінің құқықтық және әлеуметтік сауаттылық деңгейін арттыруға, сондай-ақ оларда жағымсыз әлеуметтік құбылыстарға қарсы тұрудың тұрақты дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Ақсу қаласының ТЖБ