Кәсіпкерлік объектілері үшін өрт қауіпсіздігі қағидалары
Сауда объектілері үшін негізгі қауіпсіздік талаптары бірнеше:
- қоймаларда жанатын тауарларды, әсіресе жанғыш сұйықтықтарды (бояулар, лактар)сақтауға қойылатын ерекше талаптар;
- электр сымдары мен электр құрылғыларының жарамды күйі;
- өртті автоматты түрде анықтау және (немесе) сөндіру құралдарының және өрт туралы хабарлау жүйесінің болуы және жарамды жай-күйі;
- алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуы және жарамды жай-күйі;
- эвакуациялық шығу жолдары мен эвакуациялау жолдарының болуы және өртке қарсы нормаларға сәйкестігі;
- үй-жайлардың қабырғалары мен төбелерін безендіру үшін жанбайтын әрлеу материалдарын пайдалану;
- ғимараттың ағаш конструкцияларын және қойма үй-жайларының стеллаждарын отқа төзімді өңдеуді жүргізу;
- жылыту құрылғыларының жарамды жағдайы;
- өрттің алдын алу үшін және өрт туындаған кезде персоналмен дұрыс іс-қимылдарға нұсқау беру, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану қабілетіне үйрету;
- өрт гидранттарының немесе өрт су айдындарының орналасу орындарының көрсеткіштерінің болуы.
Қызметкерді жұмысқа қабылдау кезінде, сондай-ақ жылына кемінде бір рет мезгіл-мезгіл, от жағушылар үшін қосымша жылыту кезеңінің алдында арнайы журналға қол қойғызып өртке қарсы нұсқама жүргізілуі тиіс. Барлық қызметкерлер өрт қауіпсіздігі ережелерін, өрт кезіндегі іс-қимылдарды білуі және алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалана білуі тиіс.
Ақсу қаласының ТЖБ