Меню

Страницы

Статья

Ауыл тұрғындары өрт кезінде екі қарт адамды құтқарды.

Ауыл тұрғындары өрт кезінде екі қарт адамды құтқарды

11 наурыз күні сағат 22.04-те Ақсу ауданы Евгеньевка ауылында Сергей Дубинин мен Аркадий Серков жеке үйдің шатырының өртеніп жатқанын байқады. Уақытты жоғалтпай, олар шұғыл қызметтерге қоңырау шалып, көмекке асықты. Жанып жатқан үйге кіріп, олар егде жастағы үй иелерін, 1956 жылғы әйел адамды және 1955 жылы туған ер адамды құтқарды. Ал ауыл тұрғыны Артем Стоцкий өз көлігімен зардап шеккендерді ауруханаға апарды, олар өрт нәтижесінде қатты күйік алып, Ақсу қаласындағы ауруханаға жатқызылды. Өрт орнынан көлемі 50 литрлік екі газ баллоны шығарылды. Оқиға орнында ТЖД күштері, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, сондай-ақ ерікті өртке қарсы құрылымдары жұмыс істеді. Өрт сағат 00:33-те жалпы ауданы 100 шаршы метр алаңында толықтай жойылды.

Ақсу қаласының ТЖБ өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң түрде сақтауды еске салады.

Ақсу қаласының ТЖБ

 

Дата публикации
17 марта 2025
Дата обновления
17 марта 2025
Тип
Төтенше жағдай қызметі хабарлайды

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы