15 наурыз – Қайырымдылық күні.
Бұл күні Павлодар облысы ТЖД Ақсу қаласының қызметкерлері қызметкерлердің көпбалалы отбасыларына және азаматтық қорғау ардагерлеріне сыйлықтар табыстап, ризашылықтарын білдірді. Бұл игі іс қызметке адалдық пен қоғам қауіпсіздігіне қосқан үлес үшін құрмет пен алғыстың символына айналды. Қайырымдылық күні – игі істерге, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге және мейірімділік рухын нығайтуға арналған ерекше мереке. Ол қолдау көрсетудің, жанашырлық пен риясыз көмектің маңыздылығын еске салып, қоғамда қайырымдылық мәдениетінің дамуына ықпал етеді. Бұл күні адамдар ізгі істер жасап, жылулық пен қамқорлықпен бөлісіп, әлемді жақсартуға және әділетті етуге ұмтылады.
Ақсу қаласының ТЖБ