Адам папиллома вирусына қарсы вакцинация
Қазақстан Республикасының ұлттық күнтізбесіне сәйкес 11 жасқа толған қыздарға АПВ вакцинасы ата-анасының немесе қамқоршысының келісімін алғаннан кейін, ал 12-13 жас аралығындағы қыздарға да қайталама егу жүргізіледі. Вакцинацияның толық курсы – 6 ай аралықпен екі доза.
АПВ вакцинасы – бұл әртүрлі органдардың қатерлі ісігінен қорғайтын екінші вакцина, бірінші – вирустық гепатит В.
Бүгінгі таңда АПВ 6,11,16,18 түрлерінен қорғайтын Гардасил вакцинасы қолданылады. Вакцина өндірушісі АҚШ.
Вакцинаға мүмкін болатын қарсы көрсетілімдер уақытша және тұрақты болып келеді. Тұрақты қарсы көрсетілімдер – енгізілген заттарға жоғары сезімталдықты және анафилактикалық реакцияны қамтиды.
Уақытша қарсы көрсетілімдер – жедел инфекциялық немесе созылмалы аурудың орташа және ауыр дәрежедегі өршуі, дене температурасының жоғарылауы және т.б.
Адам папиллома вирусы дегеніміз не?
Адам папиллома вирусы – бұл вирустардың 200-ден астам түрлерінің тобы, олардың кейбіреулері жоғарғы онкогенді түрлері болып табылады, кейде әртүрлі органдардың қатерлі ісігіне әкеледі.
Статистикаға сәйкес, 10 адамның 8-і өмір бойы АПВ жұқтыруы мүмкін. Көп жағдайда инфекция асимптоматикалық болып табылады және 12-14 ай ішінде жойылады, бірақ кейбір жағдайларда жоғары онкогенді қауіпті АПВ түрлерімен жұқтырған кезде инфекция созылмалы болуы ммүкін. Уақыт өте келе АПВ инфекциясы қатерлі ісік алды өзгерістерге әкелуі мүмкін және егер дер кезінде анықталмаса және емделмесе, қатерлі ісікке ұласуы мүмкін.
Адам папиллома вирусы жұқтырған адамнан жұқтырған терімен, шырышты қабаттармен немесе дене сұйықтықтарымен тікелей байланыста болады.
Қандай асқынулар болуы мүмкін?
АПВ тудыруы мүмкін ең көп таралған ауру – жатыр мойны обыры. Қазақстанда жатыр мойны обыры 25 пен 44 жас аралығындағы әйелдердің онкологиялық патологиялар арасында 2 орында тұр. Басқа да аурулардың мысалы тік ішектің, қынаптың, бастың және т.б. АПВ тудыруы мүмкін.
Сонымен қатар, АПВ әртүрлі тері папилломаларына (мысалы, сүйелдер) немесе кондиломаларға әкелуі мүмкін.
Ата-аналар АПВ вакцинасына қайда баруға болады?
Қыздарға АПВ вакцинациясын жүргізу үшін ата-аналар баланың оқитын жеріндегі медициналық маманға хабарласып, жазбаша келісімін бере алады, сонымен қатар тіркелген жердегі мекемеге баруға болады. Облыстағы медициналық ұйымдарда екпе жұмыстары жүргізілуде.
Есіңізде болсын! Қыздарыңыздың болашағы сіздің қолыңызда!