Косметикалық және шаштараз қызметтерін көрсетуге қойылатын санитариялық талаптар.
Әдетте, шаштаразға немесе сұлулық салонына бару жанға жағымды іс-әрекеттің бірі болып табылады, бірақ осыған қарамастан өзімізді орынсыз жағдайлардан қалай қорғай аламыз? Шаштаразға немесе сұлулық салонына барған кезде неге назар аудару керек?
Өкінішке орай, көптеген шаштараздар мен сұлулық салондарында стерильді жағдайлар сақталмаған. Бір клиенттен екіншісіне берілетін көптеген инфекциялар бар.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шілдедегі № ҚР ДСМ-67 бұйрығымен бекітілген «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары қолданылады, онда косметикалық және шаштараз қызметтерін көрсетуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар көрсетілген.
Шаштараз бөлмесі таза және жиі желдетілуі керек.
Терінің немесе шырышты қабықтың ықтимал зақымдануымен манипуляциялау үшін қолданылатын құрал-жабдықтар (маникюр, педикюр, косметикалық қызметтер) нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес дезинфекцияланады, зарарсыздандыру алдындағы тазартылады және зарарсыздандырылады. Құрал-жабдықтарды зарарсыздандыру үшін пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жабдық, аппаратура және материалдар пайдаланылады.
Бұл нысандарда алжапқыштардың жеткілікті мөлшері болуы керек және арнайы шкафтарда сақталуы тиіс. Жұмыс басталар алдында және әр клиенттен кейін үстелдерді, креслоларды дымқыл шүберекпен сүрту керек. Қызметкерлер арнайы киіммен қамтамасыз етілуі тиіс.
Шаштараз және косметикалық қызметтер көрсету бойынша технологиялық рәсімдерді жүргізуді бастамас бұрын объектінің қызметкері клиенттің терісін пайдаланылатын материалдарға сезімталдығына тексеруі, қолданылатын химиялық препараттардың технологиясын, құрамын, концентрациясын және әсер ету (ұстау) уақытын қатаң сақтауы, сондай-ақ клиент ұсынған жеке ерекшеліктері мен қарсы көрсетілімдерін ескеруі қажет.
Парентеральды гепатиттермен және адамның иммун тапшылығы вирусымен инфекцияның алдын алу мақсатында қолдың қанмен ластануы орын алатын барлық манипуляциялар резеңке қолғаппен жүзеге асырылады. Ашық микрожаралар, сызаттар,жаралар, жарықтар, іріңді аурулар болған кезде персоналдың клиенттерге қызмет көрсетуі (саусаққа кигіздіреті құрал, жабысқақ сылақтар) қорғаныш оқшауламалармен жүзеге асырылады.
Шаш қиюға арналған тарақтар, щеткалар, қайшылар қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес әрбір клиенттен кейін толық батырылған (дезинфекциялық ерітінділер) немесе ультракүлгін сәулелену кезінде кейіннен дезинфекциялаумен ағынды судың астында жуылады.
Қызметкерлер жеке гигиена ережелерін сақтауы керек, үй-жайларды дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, қолғапты киіп тазалау қажет.