Сібір жарасының алдын алу
Сібір жарасы – бұл өте қауіпті инфекция, теріде және шырышты қабаттарда ерекше көршиқандардың пайда болуымен немесе ішек пен өкпеде қабыну-геморрагиялық өзгерістердің дамуымен сипатталады, ауыр интоксикация құбылыстарымен жүреді.
Сібір жарасы инфекциясының көзі – ауыл шаруашылық жануарлары. Адамдардың инфекция жұқтыруының себептері – ауру жануарлармен байланыста болу, өте сирек жағдайда – ластанған топыраққа жанасу кезінде болады. Адамнан адамға сібір жарасы ауруы берілмейді.
Адам негізінен байланыста болу жолымен жұқтырады, қоздырғыш зақымдалған тері арқылы ағзаға еніп, ауру жануарларға күтім жасау, оларды сою, тұтас етін бөлу, етті аспаздық өңдеу, жануарлар шикізатымен жұмыс істеу кезінде шырышты қабықтың микрожарақаттары арқылы жұғады.
Сібір жарасының алдын алудың негізгі қағидалары: