Адамдар көп жиналатын объектілердегі өрт кезіндегі әрекеттер қағидалары.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, елде жыл сайын адамдар көп жиналатын объектілерде 500-ден астам өрт оқиғасы орын алады. Адамдар көп жиналатын объектілерге функционалдық өрт қауіптілігі бойынша әртүрлі сыныптағы ғимараттар мен құрылыстар: кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, спорт ғимараттары, сауда ұйымдарының ғимараттары, қонақ үйлер, ауруханалар, қарттар үйлері, білім беру объектілері жатады.
Ақсу қаласының ТЖБ мынадай қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады:
-Кез-келген бөлмеге кірген кезде, қосалқы және апаттық шығулардың орналасуына бірден назар аударыңыз.
- Өрт болған жағдайда , сабырлы және ақылға қонымды әрекет ету керек.
- Дереу өрттен ең жақын эвакуациялық шығу бағытында кетіңіз, ештеңе іздемеңіз, жинамаңыз.
-Зиянды жану өнімдері болуы мүмкін , еденге жақын болу керек өйткені, төмен ауа температурасы және онда оттегі көбірек болады.
-Егер түтін көп болса, тамағыңызда қышу пайда болса, көздеріңіз суланып, тыныс алу жолдарын көп қабатты Мақта матамен тығыз жауып, дем алыңыз.
-Өрт туралы өрт сөндіру бөліміне 101 және 112 телефон нөмірлері арқылы хабарлаңыз – мұны Ұялы телефоннан нөлдік теңгерімде де жасауға болады.
Ақсу қаласы ТЖБ