Ақсу қаласының № 7 орта мектебіндегі өрт қауіпсіздігі күні.
2025 жылғы 14 ақпанда Павлодар облысы ТЖД Ақсу қаласының қызметкерлерімен "Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні" республикалық акциясы өткізілді.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін есте сақтаудың ең жақсы тәсілдерінің бірі-өртке қарсы қауіпсіздік тақырыбындағы тақырыптық сабақтар мен сурет байқаулары болып келеді.
Ашық сабақ барысында қызметкерлер оқушыларға отпен жұмыс істеу ережелері туралы айтып берді.
Мұндай сабақтар балаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін өздері меңгеріп қана қоймай, құрдастарына бұл ақпаратты қызықты әрі есте қаларлық түрде жеткізуге көмектеседі.
Ақсу қаласының ТЖБ