Ғылыми ұйымдарды және білім беру ұйымдарын ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі
Білім алушылармен тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шараларын және өрт туындаған жағдайдағы іс-қимылдарды зерделеу бойынша сабақтар ұйымдастырылады. Бастауыш білім оқушыларымен, сондай-ақ мектепке дейінгі балалар ұйымдарында өртке қарсы тақырып бойынша әңгімелесулер жүргізіледі. Жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында өрт қауіпсіздігі қағидаларын зерделеу бойынша нұсқаулық сабақтарын өткізу қажет.
Зертханаларда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды ауысымдық қажеттіліктен аспайтын мөлшерде сақтауға жол беріледі. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды үй-жайға жеткізу жабық қауіпсіз ыдыста жүзеге асырылады.
Сорып шығатын шкафта орындалатын операцияларға жатпайтын заттар, материалдар мен жабдықтар болған кезде, сондай-ақ ол жарамсыз және желдеткіш жүйесі iске қосылмаған кезде жұмыс жүргізуге жол берілмейді.
Сорып шығатын шкафтардың тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтармен жұмыс жүргізілетін ағаш бөліктері оттан қорғау заттармен сырланады немесе жанбайтын материалдармен жабылады.
Қолданылған тез тұтанатын сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықтар жұмыс соңында арнайы жабық ыдысқа жиналып, бұдан әрi кәдеге жарату үшiн зертханадан шығарылады.
Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды су бұру жүйесіне төгуге жол берілмейді.
Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтармен жұмыс жүргізілген ыдыстар тәжірибе аяқталғаннан кейін өртке қауіпсіз ерітінділермен жуылады.
Балалар ұйымдарының ғимараттарында мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың топтары (сыныптары) үшінші қабаттан жоғары орналастырылмайды.
Сыныптарда, кабинеттерде, шеберханаларда, жатын бөлмелерде, асханалар мен басқа да бөлмелерде жиһаздар мен жабдықты орналастыру кезiнде адамдарды кедергiсiз эвакуациялау және өрт сөндiру құралдарына жету қамтамасыз етiледi.
Оқу сыныптары мен кабинеттерiнде шкафтарда, сөрелерде немесе тұрақты орнатылған тiреулерде сақталуы тиiс оқу процесін қамтамасыз етуге қажеттi жиһаздар, аспаптар, үлгiлер, керек-жарақтар, құралдар ғана орналастырылады.
Оқу сыныптары мен кабинеттеріндегі парталар (үстелдер) саны жобалау құжаттамасында белгіленген саннан аспауы тиіс.
Сабақтар аяқталғаннан кейін кабинеттерде, зертханаларда және шеберханаларда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар жеке үй-жайларда орнатылатын жанбайтын шкафтарға (жәшіктерге) жиналады.
Жұмыс аяқталғаннан кейін үздіксіз жұмыс істеу үшін көзделгендерден басқа, электр аспаптарын өшіре отырып, барлық үй-жайларға тексеру жүргізіледі.
Балалар тәулік бойы болатын білім беру ұйымдарында және мектепке дейінгі балалар ұйымдарында телефон байланысын қамтамасыз ете отырып, қызмет көрсету персоналының тәулік бойы кезекшілігі белгіленеді.
Ақсу қаласының ТЖБ