Ақсу қаласының мектеп-лицейіндегі бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні.
Павлодар облысы ТЖД Ақсу қаласының қызметкерлерімен "Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні" республикалық акциясы өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға өрт туындаған кездегі қауіпсіздік ережелері, төтенше жағдайлардағы іс-қимылдар, сондай-ақ тұрмыста өртке қарсы шараларды сақтаудың маңыздылығы туралы айтылды.
Оқушыларға оқыту бейнероликтері көрсетіліп, сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылды, бұл оқушылардың қауіпсіздік ережелері мен төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер туралы хабардарлығын арттыруға ықпал етті.
Ақсу қаласының ТЖБ