Қауіпсіздік шараларын сақтаңыз!
Қыс мезгілінде жеке үй секторы тұрғындарының көпшілігі жылыту пештерін пайдаланады және оны қолдану кезінде қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтамау қайғылы салдарға әкеледі. Көміртегі тотығы ауамен араласып, таралу кезінде улы қасиеттерін жоғалтпай тез жайылады. Таралу барысында газдың иісі де, түсі де болмайжы, сол себепті оны халық “үнсіз өлтіруші” деп атайды. Қайғылы жағдайларға алып келетін себептердің бірі: ақаулық, жылыту жабдығының дұрыс жұмыс істемеуі, пештің жабық қақпағы, желдетудің бұзылуы, гараждағы автокөлік қозғалтқышының жұмыс істеп тұрғандығы болып табылады. Қайғылы жағдайды болдыртпау үшін Ақсу қаласының ТЖБ қызметкерлері тұрғындарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.
Ақсу қаласының ТЖБ