Меню

Страницы

Статья

Қызылшаның алдын алу

Қызылшаның алдын алу

Қызылша – вирус тудыратын өте жұқпалы ауру. Қызылша вирусы ауырған адамның тыныс алуы, жөтелгені және түшкіруі арқылы оңай таралады. Инфекция ауыр ауруға, асқынуға және тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

Кез келген адам қызылшамен ауыруы мүмкін, бірақ ол көбінесе балаларда кездеседі.

Инфекцияның таралу жолдары: ауа-тамшылы, вирусты ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде немесе науқас адаммен сөйлескенде шырышпен көп мөлшерде сыртқы ортаға таратады.

Белгілері: қызылша жедел респираторлық инфекция ретінде басталады: мұрыннан су ағу, дене қызуының көтерілуі, жөтел, көздің қызаруы, жарықтан қорқу. 3-4күннен кейін алдымен құлақтың артында және бетте, содан кейін денеде, қол мен аяқтарда жарқын бөртпе пайда болады. Инфекциялық процесс терінің пигментациясымен және пилингімен аяқталады. 1-2 аптадан кейін теріде аурудың іздері қалмайды.

Қызылша тыныс алу жолдарын зақымдайды, содан кейін бүкіл денеге таралады. Қызылшаны жұқтырған адам ауру белгілері пайда болғанға дейін 4 күн бұрын бөртпенің 4-ші күніне дейін вирусты басқаларға бере алады.

Қызылша және оның жұғуының алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация. Вакцинация қауіпсіз және денеге вируспен күресуге көмектеседі. Бірінші вакцинация 1 жаста, екіншісі 6 жаста жасалады.

Вакцинация үшін қызылшаға қарсы қауіпсіз және тиімді вакцина қызамық пен паротитке қарсы компонентпен бірге қолданылады.

Егер сіз немесе сіздің балаңыз ауырып қалса, сізге:

  • дереу медициналық көмекке жүгіну,
  • емханаға өз бетімен бармау,
  • дәрігер келгенге дейін туыстарымен, достарымен және басқа адамдармен қарым-қатынасты барынша азайтыңыз,
  • жөтелгенде немесе түшкіргенде ауыз бен мұрынды орамалмен жабыңыз,
  • қолыңызды сабынмен және сумен мұқият және жиі жуыңыз,
  • тыныс алу мүшелерін қорғау құралдарын қолдаңыңыз (мысалы, маска немесе дәке таңғышы), өзін-өзі емдеумен айналыспау.

Қызылшаның алдын алуда ең бастысы – аса қауіпті аурудың таралуына жол бермеу және індеттің өршуіне жол бермеу. Ол үшін ерте диагностика қоданылады және ауру адамдар бөртпе пайда болған сәттен бастап 5-ші күнге дейін оқшауланады.

Белгілі бір себептермен жоспарлы екпе алмаған және инфекция ошағында болған адамдар қызылшамен ауыратын науқаспен байланыста болған кезден бастап алғашқы 72 сағат ішінде шұғыл вакцинацияланады.

Дата публикации
24 января 2025
Дата обновления
24 января 2025
Тип
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет хабарлайды

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы