Меню

Страницы

Статья

Үйді өрттен сақтаңыздар!

Үйді өрттен сақтаңыздар!

Өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар!

- үй-жайда тез-тұтанатын  жэне жанғыш материалдарды сақтамаңыздар, от көздерін балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыздар;

- дәліздерде, баспалдақ алаңында және шатырда арбиған заттар болмау тиіс, шығатын есіктер жеңіл  және тез ашылуы тиіс;

- ақаулы  және қолдан жасалған электр құралдарын пайдаланбаңыздар;

- жабық от көздерін пайдаланыңыз;

- үй заттары мен мүліктерін қыздыратын және қыздырғыш құралдардан 1,5 м- ден кем емес қашықтықта орналастырыңыз;

- аумақты артық заттар мен мен қоқыстардан тазартыңыз;

- өрт сөндірудің қарапайым зат - құралдарын үйде ұстаңыздар (тығыз мата, су, құм, ұнтақты автокөлік өрт сөндіргіші);

- ескеріңіз, үйде темекі шегу – өрттің болу себебі болып табылады!

Өрт  жағдайында шебер әрекет етіңіз!

Есте сақтаңыздар! Өрт жоғары температурасымен, түтіндеуімен, көміртек тотығы концентрациясымен, құрылыс пен ғимараттың сынуы мен құлауымен қауіпті.

- шағын өрт ошағын сөндіруге тырысыңыз: оған су құйыңыз немесе сулы ауыр матамен жабыңыз, жанғыш сұйықтарға құм, топырақ себіңіз, өртсөндіргішті қолданыңыз;

- электр аспаптары жанған және сымдар оқшауланған кезде отты тек ток беруді өшіре отырып сөндіріңіз;

- егер де тілсіз жауды сөндіру қолдан шықпаса, онда тез ғимараттан шығыңыз, балалар мен қарттарға көмек көрсетіп;

- жанған ғимаратта бастан бастап сулы матамен (киіммен) жамылып жүріңіз, түтінде – өрмелеп немесе бүгіліп жылжыңыз;

-  түтінделген  (жанып тұрган)үй-жайдың есігін жалынның тұтануына жол бермеу үшін  абайлап ашыңыз;

- егер киіміңіз жанып қалса, жүгірмеңіз, от жалынын ұрып сөндіріңіз (жерде домаланып ,қалың матаны жауып жанған киімге);

- өрт ошағында адамдарды іздеген кезде дыбыс беріңіз, есте сақтаңыздар – балалар қорқыныштан кереует астында, шкафта, бұрышта және басқа да жерлерде тығылады.

Ақсу қаласының ТЖБ

Дата публикации
21 января 2025
Дата обновления
21 января 2025
Тип
Төтенше жағдай қызметі хабарлайды

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы