Меню

Страницы

Статья

Мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде тамақтан уланудың алдын алу.

Мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде тамақтан уланудың алдын алу.


Әдетте, мереке алдындағы күндері адамдар "сол сүйікті тағамға" ингредиенттер іздеу үшін дүкендерге белсенді түрде бара бастайды. Өйткені, ең маңызды қысқы мерекені мерекелік дастархансыз және қонақтарға бармай елестету қиын! Үй шаруасындағы әйелдер алдын-ала көптеген аспаздық тағамдарды, салаттарды, кондитерлік өнімдерді дайындайды. Алайда, мол дастархан жіті ішек инфекцияларымен және тамақтан уланумен ауырудың себебі болуы мүмкін. Мамандардың айтуынша, бұл аурулардың негізгі себебі-тамақ дайындау технологиясының, температуралық режимдердің немесе оларды тасымалдау мен сақтау жағдайларының бұзылуы болады.
Ақсу қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарының ұсынымдары келесідей:
Тасымалдау кезінде пайдалануға дайын және шикі өнімдер үшін бөлек қаптаманы пайдаланыңыз; ет, құс еті, теңіз өнімдерін басқа тағамдардан ажыратыңыз; дайын және шикі өнімдердің жанасуын болдырмау үшін өнімдерді жабық ыдыста сақтаңыз; жеке кесу тақталары мен пышақтарды пайдаланыңыз, әрине, жеке гигиена мен қолдың тазалығын сақтаңыз.
Тағамдарды, әсіресе ет, құс еті, жұмыртқа, теңіз өнімдерін мұқият қуырыңыз немесе пісіріңіз; ет немесе құс етін пісіру барысында олардың шырыны мөлдір болуы керек; тағамдарды мұқият қыздырыңыз, сорпаларды қайнатыңыз, қуырдақты кем дегенде 5 минут қуырыңыз.
Сондай-ақ сақтау шарттары мен жарамдылық мерзімдерін сақтау өте маңызды: мерзімі өткен тағамдарды өкінбестен тастаңыз; пісірілген тағамды бөлме температурасында 2 сағаттан артық қалдырмаңыз; дастархан жайғанша дейін пісірілген тағамдарды ыстық күйінде (60°C-тан төмен емес) ұстаңыз; ет, құс еті, жұмыртқа, сондай-ақ салаттар, пасталар, пудингтер, кремі бар аспаздық өнімдер сияқты тез бұзылатын тағамдарды алдын ала дайындамаңыз; тоңазытқышта да дайын тағамдар мен әсіресе өнімнің герметикалық қаптамасы бұзылған жағдайда тамақ өнімдерін ұзақ уақыт сақтамаңыз.
Жаңа піскен тағамды алдыңғы күннен қалған тағамдармен араластырмаңыз. Егер дайын тағам басқа күннен қалса, оны қолданар алдында термиялық өңдеуді ұмытпаңыз, жай ғана қыздырып қана қоймай, қайнатып, қуырыңыз.
Ағын су астында көкөністерді, жемістерді жуыңыз. Егер олар кішкентай балаларға арналған болса, оларды қайнаған сумен шайыңыз.
Аталған қарапайым ережелерді сақтау – Сіздің денсаулығыңыздың және мерекелік жаңа жылдық көңіл - күйіңіздің кепілі!

Дата публикации
25 декабря 2024
Дата обновления
25 декабря 2024
Тип
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет хабарлайды

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы