2024 жылдың 13 желтоқсан күндері (14.00 ч) «БЖЗҚ» АҚ онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді.
Іс-шара тақырыбы: «ИПБ-лардың инвестициялық стратегиялары. Салымшылар үшін өзекті мәселелерді талқылау».
Онлайн кездесу барысында БЖЗҚ мамандары мен инвестициялық компаниялардың өкілдері Инвестициялық портфельді басқарушылар туралы толыққанды мәлімет беріп, жинақты сенімгерлікпен басқаруға аударатын компанияны қалай таңдауға болатыны, аудару қағидалары туралы баяндайды.
Негізгі күн тәртібінен бөлек, қатысушылар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты барлық сауалдарына білікті мамандардан ақыл-кеңес ала алады.
Іс-шараға қатысу үшін тіркелу керек.
Көрсетілген уақытта сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз (https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m14437dfb8a5b8682b1f1191e5fc414df).
Еvent-мәжіліс нөмірі: (2516 303 1870)
Еvent-мәжіліс құпиясөзі: (1414)