Ақсу қаласының ТЖБ моншада өртті болдырмау үшін келесі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет екенін еске салады:
- Түтін құбырларының ластануын жою, оларды жиналған шайыр мен күйеден тазарту;
- Пеш пен мұржаны нормаларға сәйкес орнату (сэндвич құбырларын мұржа ретінде пайдаланбау);
- Қауіпсіз әрлеу материалдарын қолдану;
- Электр сымдары мен розеткалардың жарамдылығын қадағалау (сымдар үшін жылу мен ылғалға төзімді қабықтарды қолдану), олардың оқшаулауын үнемі тексеріп, оның зақымдалуына уақтылы әрекет ету;
- Пешті от жағу процесінде аса қыздырмау, оны қараусыз қалдырмау.
☎ Өрт шыққан жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласыңыз!
Ақсу қаласының ТЖБ