Сібір жарасы – спора түзетін Bacillus anthracis бактериясынан туындайтын жұқпалы ауру.
Бұл әдетте шөпқоректілерде (сиырлар, қойлар мен ешкілер) әсер ететін зооноздық инфекция (жануарлардан адамға берілетін ауру). Адамдар ауру жануарлардан немесе лстанған жануарлардан алынған өнімдер арқылы жұқтыруы мүмкін. Сібір жарасының споралары топырақта ұзақ уақыт жасырын қалуы мүмкін және топырақ беті бұзылған кезде, мысалы, су тасқыны, қатты жауын-шашын немесе көшін кезінде белсендіріледі. Ауру әдетте жайылымдардағы шөптер арқылы малдың асқазанына споралар түскенде қайта пайда болады. Сібір жарасы әдетте жануардан жануарға немесе адамнан адамға берілмейді. Сібір жарасының споралары жұтылғанда, деммен жұтылғанда немесе денеге кесу кезінде түскенде, олар өніп, көбейіп, токсиндер түзе алады. Жәндіктер сібір жарасының бактерияларын жануарлар арасында тасымалдай алады. Жануарлардың азығы сібір жарасының спораларымен ластанған болуы мүмкін, егер оның құрамында ауру жануарлардың сүйек ұны болса. Адамдар сібір жарасын жұқтыруы мүмкін, егер олар ауру жануарды күтсе немесе союға қатысса немесе ластанған мал өнімдерімен байланысты болса. Вакциналар адамдар үшін бар, шектеулі мөлшерде қол жетімді және ең алдымен қызметі сібір жарасының әсеріне тікелей ұшырайтын адамдарды қорғау үшін қолданылады.
Сібір жарасының профилактикасы мемлекет тарапынан бақыланатын қоғамдық іс-шаралардан тұрады: Ветеринариялық қызмет сібір жарасын жұқтыру мүмкіндігіне қолайсыз елді-мекендерді анықтайды, есепке алады және бақылайды, сондай-ақ жануарларды жоспарлы тексеру, асыл тұқымды мал шаруашылығы нысандарының жайылымдық жағдайын бақылау санитарлық шараларға жалпы санитарлық жағдайды бақылау кіреді; сібір жарасын жұқтыру мүмкіндігімен қолайсыз елді мекендер, сондай-ақ жануарлардан алынатын шикізатты дайындау, сақтау, тасымалдау және қайта өңдеу кезіндегі бақылау.
Сібір жарасымен ауырған адамдарды анықтау, оларды госпитализациялау,
-ауру жағдайларын анықтау және бақылау бойынша емдеу-алдын алу шараларын жүргізуді медициналық қызмет жүзеге асырады;
-өлген жануарларды өз бетінше жерлеуге қатаң тыйым салынады;
-рұқсат етілмеген сауда орындарында ветеринариялық ілеспе құжаттарсыз жануарлардан алынатын өнімдерді сатып алуға қатаң тыйым салынады.
Есіңізде болсын Ауруды емдегеннен алдын алған оңай!