Оба
Оба – карантиндік инфекциялар тобындағы жедел табиғи ошақты жұқпалы ауру, өте ауыр жалпы жағдаймен, дене қызуының көтерілуімен, лимфа түйіндерінің, өкпенің және басқа да ішкі ағзалардың зақымдануымен, көбінесе сепсистің дамуымен жүреді.
Обаның қоздырғышы энтеробактериялардың өкілі қозғалмайтын граммтеріс Yersinia pestis бактриясы.
Қасқыр, түлкі, мысық, борсық және басқа жануарлар обадан зардап шегуі мүмкін. Дегенмен, көбінесе кеміргіштер мен коянтәріздестер табиғатта инфекцияның негізгі көзі болып саналады.
Қалалық ортада оба ауруының негізгі тасымалдаушысы егеуқұйрықтар болып табылады.
Қоздырғыштың бірнеше берілу жолдары бар:
Симптомдары
Типтік белгілері дене қызуының 39-40С-қа дейін көтерілуі, қалтырау, бас ауруы және дененің ауыруы, сонымен қатар әлсіздік, жүрек айну және құсу, лимфа түйіндерінің ісінуі, қысымның төмнедеуі, денеде геморрагиялық бөртпе, жөтел, қан аралас қақырық. Жұқтыру жолына қарай оба инфекциясының екі негізгі түрі бар: бубонды, өкпелік, септикалық. Обаның барлық түрлері ерте анықталса емделеді.
Бубондық – ең кең таралған түрі (жалпы жағдайлардың 70-80 %). Бубондық түрінің адамнан адамға жұғуы сирек кездеседі.
Өкпелік – аурудың ең жұқпалы түрі. Өкпелік обамен ауыратын адам инфекцияның таралуының белсенді көзі болып табылады, оны басқаларға ауа тамшылары арқылы жұқтыруы мүмкін.
Септикалық ауру патоген қанға енген кезде дамиды, онда ол белсенді түрде көбейеді. Лимфа түйіндерінің тосқауылдық функциясының жеткіліксіздігі обаның бастапқы септикалық формасының дамуына әкеледі.
Адам обаның обаның табиғи ошағына жақын тұрғанда ғана оба жұқтыру қаупіне ұшырайды.
Обаның алдын алу
Алдын алу шаралары инфекцияның басқа елдерден әкелінуін және обаға қолайсыз аймақтарда аурудың пайда болуын болдырмауды қамтиды.
Аурудың ошағы жарияланған кезде сақтық шараларын қолдану, ықтимал жұқтырған жануарлармен байланыста болудан аулақ болу және инфекциялар мен індеттің шығуы мүмкін елдерге саяхаттауды шектеу.