Туберкулез – кең таралған жұқпалы ауру, жаһандық күрделі мәселе.
Қоздырғышы – туберкулез таяқшасы (Кох таяқшасы).
Аурудың көзі туберкулездің жұқпалы (ашық) түрімен науқас болып табылады. Сөйлесу, түшкіру, жөтелу кезінде қақырық тамшыларымен қоршаған ортаға қоздырғыштың орасан зор мөлшерін бөледі, ол қақырық құрғағаннан кейін ұзақ уақыт бойы, әсіресе жарықсыз жерлерде өміршеңдігін сақтайды.
Көбінесе туберкулез ауа тамшылары арқылы таралады және бірінші кезекте өкпеге әсер етеді. Инфекция туберкулез таяқшасы бар шаңды жұту арқылы пайда болады. Инфекция қаупі нашар желдетілетін жерде, науқас адаммен тығыз байланыста немесе көп адамдар тобында артады. Өте сирек ауру малдың сүтін, ірімшігін, сүт өнімдерін жеу арқылы туберкулезді жұқтыруға болады.
Туберкулезге әсер ететін факторлар:
Аурудың белгілері:
Туберкулездің алдын алу
Бүкіл халық арасында туберкулездің алдын алудың негізгі организмнің қорғаныс қабілетін арттыруға бағытталған шаралар: ұтымды және уақытылы тамақтану, темекі шегу мен алкогольден бас тарту, дұрыс жұмыс режимін сақтау, салауатты өмір салтын сақтау, сондай-ақ ауруға қарсы бағытталған шаралар. Нақты шараларға туберкулездің ашық түрімен ауыратын науқасты емдеу, туберкулезге қарсы егу, химиопрофилактика жатады.
Егер сізде аурудың белгілері болған жағдайда, үздіксіз ем жүргзіңіз, дәрігердің барлық кеңестері мен талаптарды орындаңыз және дәрі қабылдаудан тартыңбаңыз! Қажетті сақтық шараларын қолдану арқылы сіз өзіңізді инфекциядан қорғай аласыз. Зиянды аурумен күресу ережелерін сақтаған жағдайда туберкулезбен күрес табысты болып табылады.