Тұмау – айқын маусымдалығы бар жұқпалы ауру: сырқаттанушылық күз және қыс айларында артады.
Тұмаудың қоздырғышы – бұл ауру адамдардан таралатын басқалардың мұрын-жұтқыншақтарына енетін вирус.
Көптеген адамдар тұмаумен бірнеше күн ғана ауырады, бірақ кейбіреулері ауыр көрініспен жүруі мұмкін, тіпті өліммен аяқталуы мүмкін.
Тұмаудың белгілері: дене қызуының көтерілуі, температура 37,5-39С, бас ауруы, бұлшықет ауруы, буындардың ауруы, қалтырау, тез шаршау, жөтел, мұрыннан су ағу немесе бітелу, ауырсыну және тамақ ауруы.
Алғашқы белгілерде науқастың өзі басқаларға жұқтырмау үшін ғана емес, сонымен қатар емдеуді уақытында бастау үшін үйде болуы керек, ол үшін инфекцияның, науқастың одан әрі таратуын болдырмау үшін дереу дәрігермен кеңесу керек, науқас адамды сау адамдардан оқшаулау, жеке бөлмені бөлген жөн.
Білу маңызды! Ешқашанда науқас баланы балабақшаға, мектепке, мәдени шараларға жібермеңіз. Демалып жату демалысын қатаң сақтаңыз, өйткені ауру жүрек-қан тамырлары, иммундық және басқа дене жүйелеріне жүктемені арттырады. Тұмауға қарсы өзін-өзі емдеуге жол берілмейді.
Тұмаудың алдын алу: