Меню

Страницы

Статья

Денге безгегінің алдын алу туралы туристерге ескерту.

Денге безгегі – адамдарға маса арқылы таралатын жіті жұқпалы ауру.

Аурудың қоздырғышы – вирус. Ауру трансмиссивті жолмен (жәндіктердің шағуы арқылы) беріледі. Тасымалдаушылары маса болып табылады. Ауру тасымалдаушылары (масалар) болмаған жағдайда, ауру адамнан адамға берлмейді. Денге безгегіне бейімділік әмбебап болып табылады, эпидемиялық ошақтарда балалар мен келушілер ауырады. Бірқатар шет елдерде қауіпті жұқпалы аурулардың, атап айтқанда Денге безгегінің жұқтыру қаупі бар екенін білу қажет.

Инфекция көзі: ауру адамдар мен маймылдар.

Негізінен Африки, Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Азия (Тайланд, Индонезия, Қытай, Малайзия, Жапония, Вьетнам, Мьянма, Сингапур, Филиппин), Индия, Мозанбик,  Судан, Египет) Океания және Кариб бассейні, Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Американың тропиктік және субтропиктік аймақтары (Мексика, Гондурас, Коста-Рика, Панама, Бразилия) және т.б елдерде кездеседі.

Ауру жұқтырған кезден бастап аурудың клиникалық белгілері пайда болғанға дейінгі уақыт 3-тен 14 күнге дейін, көбінесе 5-7 күн.

Науқаста ауру кенеттен басталып, қатты қалтырау, бас ауруы, бұлшықеттер мен буындар ауырады, дене қызуы 40-41 градусқа дейін көтеріледі. Фотофобия байқалады, кеуде және іш терісінде шынтақ және тізе буындары аймағында макулярлы-папулярлы немесе нүктелі бөртпе бар.

Алдын алу

  1. Репелленттер (жәндіктердің шағуынан қорғайтын – спрейлер, кремдер, гельдер, масаларды кетіретін) қоры болуы керек;
  2. Батпақты жерлерге экскурсиядан бас тарту;
  3. Теріні мүмкіндігінше жауып тұратын киім киіңіз,
  4. Терезелер мен есік ойықтарын москит торымен жабыңыз.

Егер ауру белгілері сапардан оралғанда пайда болса, сіз барған елдер мен болу ұзақтығы туралы ақпарат бере отырып, дереу дәрігермен кеңесуіңіз керек.

Дата публикации
07 ноября 2024
Дата обновления
07 ноября 2024
Тип
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет хабарлайды

Сейчас читают

21 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы