Медициналық қалдықтар дегеніміз не?
Медициналық қалдықтар – бұл барлық медициналық мекемелерден, медициналық зертханалардан және биомедициналық ғылыми зерттеу мекемелерінен, сондай ақ шағын немесе оқшауланған көздерден шыққан қалдықтар.
Медициналық ұйымдардың медициналық қалдықтарын реттеу , бұл емдеу мекемелері мен денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысының нәтижесінде пайда болатын барлық нәрсе. Оларға адам немесе жануар ұлпасының қалдықтары жатады, биололгиялық сұйықтықтар, медициналық көмекке арналған заттар, фармацевтикалық препараттар, таңғыштар.
Медициналық қалдықтардың жіктелуі: медициналық ұйымдар өз қызметінің нәтижесінде әртүрлі құрамдағы және эпидемиологиялық, токсикологиялық және радиациялық қауіптілік дәрежесіндегі қалдықтарды түзеді, олар келесі сыныптарға бөлінеді:
1.Класс А – қауіпті емес қалдықтар,
2.Класс Б-эпидемиологиялық қауіпті және аса қауіпті қалдықтар,
3.Класс В – құрамы жағынан өндірістік қалдықтарға ұқсас қалдықтар,
4.Класс Г – құрамы бойынша өндірістік қалдықтарға ұқсас токсикологиялық қауіпті МҚ.
5.Класс Д- радиоактивті МҚ.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 11тамыздағы №КР ДСМ-96/2020 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талабы бойынша емдеу мекемесінің басшылығы бұйрықпен осы санитарлық ережелер талаптарының сақталуын бақылау үшін жауапты тұлғаны тағайындайды.
Жауапты тұлға қалдықтардың есебін және қалдықтарды басқару жөніндегі тиісті құжаттаманы жүргізуі, медициналық қызметкерлерді медициналық қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу бойынша нұсқау беруі және оқытуы керек. Сондай-ақ медициналық қалдықтармен жұмыс істеудің санитарлық ережелерінің талаптарын дұрыс сақтамау ауруханаішілік инфекцияны және халық арасында жұқпалы аурулардың таралуын тудыруы мүмкін екенін атап өткен жөн.
Медициналық қалдықтар қалай жойылады?
«Б» және «В» класындағы медициналық қалдықтар арнайы қондырғыларда (инсменераторларда) залалсыздандырылады. Айта кету керек, медициналық мекемелер мен елді мекендердің аумағында медициналық қалдықтарды жағуға жол берілмейді.
«Б» класының медициналық қалдықтары физикалық немесе химиялық әдістермен міндетті түрде дезинфекциялануға жатады. Медициналық қалдықтарды залалсыздандыруға арналған учаске немесе орталықтандырылған жүйе болмаған жағдайда Б сыныбының қалдықтары пайда болған жерлерде персоналмен дезинфекцияланады.
«Г» медициналық қалдықтарын жерлеу қауіпті қалдықтар полигонында, ал оларды залалсыздандырған жағдайда қатты қалдықтар полигонында жүзеге асырылады,
«Д» класындағы медициналық қалдықтарды кәдеге жарату стандарттау құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Медициналық қалдықтарды жинаумен және жоюмен айналысатын жұмысшылар медициналық тексеруден өтуі керек екенін білуіңіз керек.
Медициналық қалдықтарды сақтау үшін ірі медициналық мекемелерге сорғыш желдеткіші, тоңазытқыш жабдықтары, сөрелері мен таразылары, ыдыстары, ыстық сумен және суық сумен қамтамасыз етілген раковинасы бар жеке бөлме бөлінген.
Медициналық қалдықтарды жинау, қабылдау және тасымалдау бір реттік пакеттерде, жәшіктерде және контейнерлерде, жүзеге асырылады.
Медициналық қалдықтар жинақталған сайын мамандандырылған ұйымдармен шығарылады және жойылады.
ҚР Денсаулық сақтау дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Салауатты қоршаған орта, ұлт денсаулығы» жобасын құрды, оған денсаулық сақтау саласындағы медициналық қалдықтардың мониторинг және есеп беру мәселелері кіреді.