Меню

Страницы

Статья

Жеке медициналық кітапшалар

Ақсу өңірі тұрғындарының назарына

Ақсу қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жургізу кағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылы16 қарашадағы Nº ҚР ДСМ-196/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 13 наурызындағы Nº9 бұйрығымен (бұдан әрі - бұйрық)өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.

Бұйрықтың жаңа өзгерістеріне сәйкес «Жеке медициналық кітапшалар» модулі (жеке медициналык кітапшаны тіркеуге, сақтауға, беруге, іздеуге, таратуға,пайдалануға және есепке алуға арналған медициналық ақпараттық жүйенің, ақпараттық блогы) 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап толықтай электрондық нұсқасына көшу көзделген, яғни жеке медициналық кітапшаны беру тек электрондық форматта (кағаз форматы алынып тасталады) жүзеге асырылады.

Жеке медициналық кітапшаларды беруді меншік нысанына және ведомстволық тиесілілігіне қарамастан,медициналық қызметке лицензиясы бар және ақпараттық

жүйеде тіркелген ресурстарды басқару жүйесі бар медициналық ұйымдар жүзеге асырады.

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап электрондық форматтағы жеке медициналық кітапшаны алу ушін ТХТ(тіркелген халық тізілімі) тіркелген медициналық ұйымға

хабарласу қажет.

Сонымен қатар, ЖМК жумысқа жіберу туралы белгімен берілетінін және қызметкердің электрондық цифрлық қолтаңбасы және денсаулық сақтау субъектісінің QR-коды арқылы куәландырылады.

 

Дата публикации
21 октября 2024
Дата обновления
21 октября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы