Меню

Страницы

Статья

Назар аударыңыз! ЖЕЛШЕШЕК

Желшешек-бүкіл әлемде кең таралған жіті, өте жұқпалы вирустық ауру. Желшешектің қоздырғышы-адамның 3 типті герпес вирусы (varicella-zoster — virus-VZV), герпес вирустарының отбасына жатады. Желшешек вирусы сыртқы ортада тұрақсыз — ол күн сәулесінің, жылудың, ультракүлгін сәулеленудің әсерінен тез өледі. Ағзадан тыс, ашық ауада вирустың өмір сүруі шамамен 10 минутты құрайды.

Желшешекпен ауыратын науқас бөртпе пайда болғанға дейін 1-2 күн бұрын жұқпалы болады және соңғы бөртпелер пайда болғаннан кейін 5 күн ішінде басқа адамдарға қауіпті болып қалады. Адам желшешекпен ауыратын науқастан ғана емес, сонымен қатар белдемшелік теміреткімен ауыратын науқастан да жұқтыра алады.

Желшешек кезінде инкубациялық кезең 10-21 күнге, көбінесе14-16 күнсозылады. Желшешек, әдетте, жіті басталады, белгілер кешені бірден көрінеді: әлсіздік, дене қызуы, бөртпе. Дене қызуы көтеріледі және жаңа бөртпелер пайда болған кезде 38°C деңгейінде сақталуы мүмкін. Ауру басталған кезде дене қызуы 39-40°C дейін жетуі мүмкін.

Негізінен, балалардағы желшешек асқынусыз өтеді. Ересектерде аурудың ағымы ауыр түрде өтеді, әсіресе жүктілік кезінде қауіп төндіреді: егер болашақ ана балалық шағында желшешекпен ауырмаса және жүктілік кезінде жұқтырса, бұл ауыр патологиялардың дамуына және тіпті іштегі баланың өліміне әкелуі мүмкін.

Барлық вирустық инфекциялар кезіндегі дей симптомдарды емдеу және иммунитетті арттыру жүргізіледі. Науқас үйде емделу, қызу басатын дәрілер, қышуды жеңілдету және бөртпелерді емдеу, жалпы иммунитетті арттыру үшін көп су, дәрумендер, вирусқа қарсы препараттар қабылдау қажет. Терінің зақымдануына қайталама инфекцияны жұқтырмауы маңызды. Ең жиі кездесетін асқыну — стрептококктар мен стафилококктардан туындаған қышынған тері элементтерін тырнау кезінде терінің бактериялық инфекциясы.

Желшешек ауруына күдік туындаған жағдайда медициналық көмекке жүгіну, дәрігердің нұсқауын орындау, толық емделгенге дейін шыдамдылық таныту қажет.

 

Дата публикации
03 октября 2024
Дата обновления
03 октября 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы