Тұмау – тыныс алу жодарының айқын маусымдылығы бар жіті жұқпалы ауру: аурушаңдық күз және қыс айларында артады.
Тұмау – төменгі және жоғарғы тыныс жолдарын зақымдайтын, ауыр интоксикациямен жүретін және ауыр асқынуларға, кейде өлімге әкелетін вирустық ауру. Температураның 40 градусқа дейін көтерілуімен, бас ауруы, ентігу, тыныс алудың тұрақты емес немесе жиі болуы, ауыр жағдайларда сананың бұзылуы, теріде геморрагиялық бөртпе пайда болуымен бірге жүреді. Тұмауға қарсы вакциналар тұмаудың түріне қарай әзірленеді.
Инфекция негізінен ауа тамшылары арқылы таралады.
Инфекция көзі – науқас адам.
Вакцинация – кез келген ауруға қарсы ең сенімді қорғаныс. Вакцинация нәтижесінде алынған иммунитет аурудан сенімді қорғайды. Маусымдық тұмауға қарсы жыл сайынғы вакцинациялар барлық жас топтарындағы аурушаңдық пен өлім-жітімді айтарлықтай төменедетеді. Жұқтыру қаупі жоғары топтарға 0-6 жас аралығындағы балалар, жүкті әйелдер, 60 жастан асқан ересектер, орта арнаулы оқу орындарының оқушылары мен студенттері, ауруханалардың медицина қызметкерлері, көлік және қызмет көрсету қызметкерлері жатады.
Алдын алу шаралары
Тұмаудың алдын алу үшін жыл бойына, әсіресе күзгі-қысқы кезеңде осы инфекциялармен сырқаттанушылықтың жоғарылауына дейін қорғаныс иммундық механизмдерін күшейту өте маңызды.
Денеге тұмау вирустарына қарсы тұруға көмектесетін белсенді және ұтымды ұйымдастырылған өмір салтын жүргізіңіз.
Санитарлық-гигиеналық режимді, соның ішінде бетперде киюді, қолды мұқият жууды, әсіресе қоғамдық орындарға барғаннан кейін, жөтелгенде аузыңызды жабуды, желдету және үй-жайларды жиі ылғалды тазалауды сақтаңыз.
Науқас адам да, жақын жерде жүргендер де бетперде киюі керек. Көкөністерді, жемістерді және жеткілікті дәрумені бар басқа тағамдарды, әсіресе аскорбин қышқылын жеу.
Адамдар көп жиналатын жерлерге барудан аулақ болыңыз, ойын-сауық орындарына, әсіресе балаларға баруды шектеңіз, мүмкін болса, қоғамдық көлікті пайдаланбаңыз, біраз жаяу жүруге артықшылық беріңіз.
Жөтелу және түшкіру вирустарды 10 метрден астам қашықтыққа тарататынын есте сақтаңыз.
Тұмау эпидемиясы кезінде вирусқа қарсы қорғаныстың маңызды құрамдас бөліктері витаминдерге бай теңдестірілген тамақтану және дұрыс демалыс болыа табылады.
Өзіңізге қамқорлық жасаңыз және сау болыңыз!