Балалардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Ақсу қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тамақтан улану мен жіті ішек инфекцияларының (ЖІИ) алдын алу білім беру ұйымдарында тамақтандыру қызметтерін көрсететін шаруашылық жүргізуші субъектілердің, заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің негізгі міндеттерінің бірі екенін еске салады.
Балаларда тамақтан улану ересектерге қарағанда әлдеқайда ауыр өтеді, бұл балалар денесінің физиологиялық ерекшеліктерімен түсіндіріледі: асқазан сөлінің төмен қышқылдығы, ішек микрофлорасының аяқталмаған түзілуі, удың тез сіңуі және оның бүкіл денеге таралуы, бауырдың салыстырмалы түрде төмен детоксикация қабілеті және бүйректің сүзу қызметі және т. б. Көбінесе ересек адамда улану белгілерін тудырмайтын бірдей тағамдар балада тамақтан уланудың себебі болып табылады.
ЖІИ және тамақтан уланудың негізгі себептері тамақ дайындау технологиясының, тамақ өнімдерін сақтау мерзімі мен шарттарының бұзылуы, оларды дайындау процесінде жеке гигиена ережелерін сақтамауы. Білім беру ұйымдарында ЖІИ және тамақтан улану жағдайларын болдырмау үшін Аксу қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы келесіні ұсынады:
-тамақ пісірер алдында қолды мұқият жуу;
-шикі және дайын өнімдер үшін жеке-жеке бөлшектеу тақтайлары мен
пышақтарды пайдалану;
-тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатын олардың сапасы мен
-қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар болған жағдайда ғана қабылдауды жүзеге асыру;
-тамақ өнімдерінің сақтау мерзімі, сақтау шарттарын, тауар
көршілестігіне қойылатын талаптарды сақтай отырып қамтамасыз ету.
-тамақ дайындау кезінде аспаздық өңдеу ережелерін сақтау
(температуралық режимі, тағамның дайындалу уақыты);
- білім беру объектілерінің тамақтану объектілерінде «флотша» макарондарын, зельцтер, форшмактар, сілікпелер, паштеттерді, туралған ет қосылған құймақтарды, күрделі (төрт компоненттен артық) қаймақ пен майонез қосылған салаттарды, окрошка, кремі бар кондитерлік өнімдерді, шала пісірілген жұмыртқа, қуырылған жұмыртқаны, фаст-фудтар, өнеркәсіптік емес дайындалған (үйде дайындалған) тамақ өнімдерін, тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды дайындау және өткізуге жол бермеу;
- стерильді ыдыстарға дайын тамақ өнімдері мен аспаздық тағамдардың тәуліктік сынамаларын алуды, оларды дайын тамақ өнімдеріне арналған тоңазытқыш жабдықтарында 48 сағат бойы +2 °C – +6 °C температурада сақтауды қамтамасыз ету;
- дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ас блогында күнделікті ылғалды жинау және жалпы тазалау жұмыстарын үнемі жүргізіп отыру;
- қоғамдық тамақтану объектісінің қызметкерлері белгіленген тәртіппен мерзімдік медициналық тексеруден, гигиеналық оқытудан өтуге, жеке гигиена ережелерін сақтауға міндетті.
Осы қарапайым алдын алу шараларын қолдану балалардың денсаулығы мен өмірін сақтауға көмектеседі!