Өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар!
- үй-жайда тез-тұтанатын жэне жанғыш материалдарды сақтамаңыздар, от көздерін балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыздар;
- дәліздерде, баспалдақ алаңында және шатырда арбиған заттар болмау тиіс, шығатын есіктер жеңіл және тез ашылуы тиіс;
- ақаулы және қолдан жасалған электр құралдарын пайдаланбаңыздар;
- жабық от көздерін пайдаланыңыз;
- үй заттары мен мүліктерін қыздыратын және қыздырғыш құралдардан 1,5 м- ден кем емес қашықтықта орналастырыңыз;
- аумақты артық заттар мен мен қоқыстардан тазартыңыз;
- өрт сөндірудің қарапайым зат - құралдарын үйде ұстаңыздар (тығыз мата, су, құм, ұнтақты автокөлік өрт сөндіргіші);
- ескеріңіз, үйде темекі шегу – өрттің болу себебі болып табылады!
Өрт жағдайында шебер әрекет етіңіз!
Есте сақтаңыздар! Өрт жоғары температурасымен, түтіндеуімен, көміртек тотығы концентрациясымен, құрылыс пен ғимараттың сынуы мен құлауымен қауіпті.
- шағын өрт ошағын сөндіруге тырысыңыз: оған су құйыңыз немесе сулы ауыр матамен жабыңыз, жанғыш сұйықтарға құм, топырақ себіңіз, өртсөндіргішті қолданыңыз;
- электр аспаптары жанған және сымдар оқшауланған кезде отты тек ток беруді өшіре отырып сөндіріңіз;
- егер де тілсіз жауды сөндіру қолдан шықпаса, онда тез ғимараттан шығыңыз, балалар мен қарттарға көмек көрсетіп;
- жанған ғимаратта бастан бастап сулы матамен (киіммен) жамылып жүріңіз, түтінде – өрмелеп немесе бүгіліп жылжыңыз;
- түтінделген (жанып тұрган)үй-жайдың есігін жалынның тұтануына жол бермеу үшін абайлап ашыңыз;
- егер киіміңіз жанып қалса, жүгірмеңіз, от жалынын ұрып сөндіріңіз (жерде домаланып ,қалың матаны жауып жанған киімге);
- өрт ошағында адамдарды іздеген кезде дыбыс беріңіз, есте сақтаңыздар – балалар қорқыныштан кереует астында, шкафта, бұрышта және басқа да жерлерде тығылады.
Ақсу қаласының ТЖБ