Меню

Страницы

Статья

Өрт қауіпсіздік айлығы!

Алдағы 2024-2025 жылдардағы жылыту кезеңіне дайындық мақсатында, сондай-ақ өрттердің,  тұрғындардың қаза болуы мен жарақаттануының санын азайту мақсатында, 15 тамыздан бастап 15 қыркүйекке дейінгі кезеңде Ақсу қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығын өткізуде. Өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу кезеңінде, бөлім қызметкерлері, тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі шаралары туралы өртке қарсы нұсқаулықтар жүргізе отырып, тұрғын үйлерді аралап шығады.

Адамдардың қаза болуы мен улы газбен уланудың жиі кездесетін себептері жылыту пешінің дұрыс жұмыс істемеуінен болады. Осыған байланысты, тұрғын үйлерді аралау кезінде үйдегі жылыту пештері мен электр сымдарының жағдайына ерекше назар аударылады. Тексеруден кейін тұрғын үйлердің тұрғындарына жадынамалар таратыла отырып, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылықтарды жою жөнінде ұсынымдар беріледі.

         Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.

 

Ақсу қаласының төтенше

жағдайлар бөлімі

Дата публикации
21 августа 2024
Дата обновления
21 августа 2024
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы