Өртті болдырмау үшін жинау компаниясы өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет. Астық жинау басталғанға дейін оған тартылған барлық адамдар, шаруашылық басшысында болуы тиіс арнайы журналға қол қойғызып, өртке қарсы нұсқаулықтан өтуі тиіс. Жинау агрегаттары алғашқы өрт сөндіру құралдарымен (комбайндар-екі өрт сөндіргішпен, екі дана күрекпен және екі сыпырғышпен, тракторлар - бір өрт сөндіргішпен, бір дана күрекпен, бір сыпырғышпен жабдықталуы тиіс. Жинауға тартылған барлық ауыл шаруашылық техникасы жарамды ұшқын сөндіргішпен жабдықталып, қоректендірудің, оталудың, майлаудың реттелген жүйесі болуы тиіс. Ұшқын өшіргіш - істен шыққан газдарды сөндіргіштен шығарда ұшқынның сөндіргіштен ұшып шығуын болдырмайтын ұсақ тесіктері бар тормен орнату болып табылады. Шөп шабу үшін белгіленген тәртіппен тіркеуден өтпеген қолдан жасалған техниканы пайдалануға тыйым салынады. Ашық отты пайдалануға немесе дала жағдайында дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді. Жинау науқаны кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жауапкершілігі тікелей шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшысына жүктеледі.
Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшыларына Ақсу қаласының ТЖ бөлімінің қызметкерлері өрт қауіпті кезеңде ауыл шаруашылық жерлері бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілетінін еске саламыз. Егін жинау науқанына тартылған шаруа қожалықтарының жұмысшыларымен өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуға жол бермеу туралы нұсқамалар жүргізіледі.
Ақсу қ. ТЖБ