Меню

Страницы

Статья

Көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарынның сатушыларының назарына!

Ақсу қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы хабарлайды: құрамында азорубин (Е 122) бояғышының табылуына байланысты Қырғыз Республикасында «Алтын өмір» сауда маркалы анар газдалған сусынын (Ауғанстан өндірген) өнімге санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу кезінде мыналар анықталды:

  1. ҚР-да сатылатын «Royal», «Paradise», «Mani», «Pure», «Алтын өмір» (Ауғанстан өндірген) анар хош иісі бар алкогольсіз газдалған сусындарды Кеден одағының «Тамақ өнімдерін таңбалау бөлігінде» (КО ТР 022/2011) техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келмейді, атап айтқанда келесі мәліметтер жоқ:

1) «балалардың белсенділігі мен назарына теріс әсер етуі мүмкін (болуы мүмкін) бояғыш (азорубин Е122) бар» деген ескерту жазбасы жоқ;

2) тағамдық құндылықтың құрамы мен көрсеткіштері (энергетикалық құндылығы (калориялығы), көмірсулардың, дәрумендер мен минералдардың мөлшері);

3) дайындалған күні және жарамдылық мерзімі;

4) тағамдық қоспаның (бояғыш, қышқылдықты реттегіш) функционалдық (технологиялық) мақсатын көрсету және халықаралық цифрлық жүйеге (INS) немесе Еуропалық цифрлық жүйеге (Е) сәйкес тағамдық қоспаның индексімен ауыстырылуы мүмкін тағамдық қоспаның атауы;

5) дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның, импорттаушы ұйымның атауы және орналасқан жері немесе импорттаушы дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты және орналасқан жері;

6) Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналысының бірыңғай белгісі.

  1. Көрсетілген сусындарға сәйкестік туралы декларациялар жоқтығы дайындаушының (импорттаушының) «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 021/2011), «Тамақ өнімдерін таңбалау бөлігінде» (КО ТР 022/2011), «Тағамдық қоспаларға, хош иістендіргіштерге және өңдеу құралдарына қойылатын қауіпсіздік талаптары» (КО ТР 029/2012) Кеден одағының техникалық регламенттерінің міндетті талаптарына сәйкестігін бағалау (растау) рәсімдерінен өтпегенін көрсетеді

Осыған байланысты, ішкі нарықты қорғау мақсатында сауда кәсіпорындарын, көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарын аталған сусындарды сатуға жіберуден бас тарту және техникалық регламенттердің міндетті талаптарына сәйкес келмейтін, сәйкестігін растау (бағалау) құжаттары жоқ азық-түлік тауарларын айналымнан шығару қажет екені туралы хабардар етеді.

Дата публикации
05 августа 2024
Дата обновления
05 августа 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы