Меню

Страницы

Статья

Мас күйінде шылым шегу – өрт пен адамдардың өлімінің себебі.

Алкоголь мен темекіде үйлеспейді. Бұл байланыс қиындыққа, кейде үлкен қайғыға - адамдардың өліміне әкеледі. Алайда, ол туралы ұмытып жатамыз, басқалардың қателіктерінен сабақ алмай өзіміз соған ұрынамыз.

     Жыл сайын отты абайсыз қолдану кезінде, көп жағдайда мас күйінде темекі шегу – адам өліміне ұшыратады. Ұйықтар алдында мас адамның темекі шегуі өте қауіпті. Мұндай жағдайда өрт өте қарапайым схема бойынша басталады: мас болу, темекі шегу, қалғу.   

     Бықсыған темекі төсек орындарды және жанғыш материалдарын тұтандыру қаупін тудыруы мүмкін, соның нәтижесінде бөлме ішін қатты түтіндетіп, ұйқыдағы адамдардың түтінмен улануына, тіпті адам өліміне душар етеді.    

    Осындай өрттердің алдын алу үшін Ақсу қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері үлкен жұмыстар жүргізуде. Әрине, тұрғын үй ғимараттарын тексеру, алдын алу шаралары және іс-әрекеттері оң нәтижесін беруде. Бірақ әрқайсымыз бұл мәселенің маңыздылығы мен тереңдігін түсінбесек, ақыры қайғылы оқиғаға әкеп соғуы мүмкін.

     Сіз және сіздің жақындарыңыз осындай апатқа ұшырамас үшін, мына талаптарды орындауыңыз керек:

- қандай жағдайда да төсекте, сонымен қатар жанғыш заттар мен материалдар жанында темекі шекпеңіз, және қонақтарыңыздан да осыны талап етіңіз;

- күлсалғышта, қоқыс қораптарында және тез тұтанғыш материалдары бар орындарда сөндірілмеген сіріңке, темекі тұқылын қалдырмаңыздар.

Есте сақтаңыздар, өрт жауапсыздықты, немқұрайлылық пен ұқыпсыздықты кешіре бермейді..

                                                     

Ақсу қаласының ТЖБ

 

Дата публикации
31 июля 2024
Дата обновления
31 июля 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы