Меню

Страницы

Статья

Алда астық жинау науқаны.

Қазіргі уақытта Ақсу қаласының аумағында дәнді дақылдарды жинау жұмыстары басталды. Жұмыс жүргізу кезінде ыстық, құрғақ ауа-райы, ауыл шаруашылық техникалары, жанар-жағар май материалдары өрт қауіпті жағдай жасайды. Дала жағдайында отпен абайсыз болу немесе ауыл шаруашылығы техникасының өртке қарсы жағдайы бойынша талаптардың бұзылуы егін жинау кезіндегі өрттердің негізгі себептері болып табылады.

Өртті болдырмау үшін жинау компаниясы өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет. Астық жинау басталғанға дейін оған тартылған барлық адамдар, шаруашылық басшысында болуы тиіс арнайы журналға қол қойғызып, өртке қарсы нұсқаулықтан өтуі тиіс. Жинау агрегаттары алғашқы өрт сөндіру құралдарымен (комбайндар-екі өрт сөндіргішпен, екі дана күрекпен және екі сыпырғышпен, тракторлар - бір өрт сөндіргішпен, бір дана күрекпен, бір сыпырғышпен жабдықталуы тиіс. Жинауға тартылған барлық ауыл шаруашылық техникасы жарамды ұшқын сөндіргішпен жабдықталып, қоректендірудің, оталудың, майлаудың реттелген жүйесі болуы тиіс. Ұшқын өшіргіш - істен шыққан газдарды сөндіргіштен шығарда ұшқынның сөндіргіштен ұшып шығуын болдырмайтын ұсақ тесіктері бар тормен орнату болып табылады. Шөп шабу үшін белгіленген тәртіппен тіркеуден өтпеген қолдан жасалған техниканы пайдалануға тыйым салынады. Ашық отты пайдалануға немесе дала жағдайында дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді. Жинау науқаны кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жауапкершілігі тікелей шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшысына жүктеледі.

Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшыларына Ақсу қаласының ТЖ бөлімінің қызметкерлері өрт қауіпті кезеңде ауыл шаруашылық жерлері бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілетінін еске саламыз. Егін жинау науқанына тартылған шаруа қожалықтарының жұмысшыларымен өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуға жол бермеу туралы нұсқамалар жүргізіледі.

 

 

    Ақсу қ. ТЖБ

 

Дата публикации
24 июля 2024
Дата обновления
24 июля 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы